Маусым 03, 2018 16:21 Asia/Almaty
  • Теһранда Құдс пен Палестина халқына тілеулестік білдіру мақсатында жиын өтті

Сенбі күні кешке Теһранның имам Джафар Садық (ғ.) мешітінде Құдс пен Палестина халқына тілеулестік білдіру мақсатында жиын өтті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының Ирандағы өкілі Халед Қодуми Палестина халқын қолдау халықаралық ұйымдарының ассамблеясы тарапынан ұйымдастырылған жиында сөйлеген сөзінде: "Палестина халқы бар күш-қуатымен қасиетті Құдсты басып алушыларға қарсы тұр. Олар Алланың залымдардың жеңілетіні туралы уәдесін ұмытпайды",-деді.

Қодуми мұсылмандар арасындағы алауыздықты сионистердің ислам үмбетіне қарсы жасаған қастандықтарының бірі деп атап: "Ислам елдерінің кейбір басшыларының сионистермен қарым-қатынасты қалыптандыруға бағыттаған қиянатына қарамастан, мұсылмандар басқыншыларға қарсы тұруы тиіс",-деді.

Құдс пен Палестина халқына тілеулестік білдіру мақсатында өткен жиынның соңында Палестина халқын қолдау халықаралық ұйымдарының ассамблеясы тарапынан сионистік режимнің қылмыстарын айыптап, бұл қылмыстарды сот арқылы тексеру қажеттігі айтылған мәлімдеме оқылды.

Мәлімдемеде қасиетті Құдс Палестинаның мәңгілік астанасы деп жарияланып, палестиналық босқындарды қайтару жобасын қолдау қажеттігі қуатталды.  

 

Тегтер