Маусым 03, 2018 16:29 Asia/Almaty
  • Зариф: Палестиналық медбикенің шәһид болуы сионистік режимнің масқарашылығын арттырды

Иран Сыртқы істер министрі Газа секторында бір палестиналық медбикенің шәһид болуын сионистік режимнің сорақылығына қосылған масқарашылық деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында БҰҰ-ның сионистік режимнің Палестина халқын қырып-жоюын айыптаған қарарына АҚШ-тың вето жариялағанына тоқталып: "Сионистік режим ирандықтарға ақылға сыймайтын хат жолдап, оның америкалық демеушілері сионистердің қарусыз шерушілерге қарсы әскери күш қолданғанын айыптаған қарарға вето жариялаған аптада осы режимнің мергендері жараланғандарға қарайласып жүрген палестиналық медбикені шәһид етті. Бұл үсті-үстіне масқара болып табылады",-деп жазды.

Жұма күні Хан-Юнестің шығысында шәһид болған палестиналық медбике Разан ән-Наджардың жаназасына мыңдаған адам қатысты.

Мұның алдында Палестинаның Денсаулық сақтау министрі Джавад Авад палестиналық медбикенің шәһид болуын соғыс қылмысы деп атап, әлемдік қауымдастықтан Палестина халқын қолдау үшін шұғыл шара атқаруды сұрады.

 

 

Тегтер