Шамхани: Трамп АҚШ-ты саяси оқшаулануға итермеледі
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы соңғы күндердегі Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік режимнің зорлық-зомбылықтарының артуын тәкфиршіл лаңкестерді ислам әлемінде қақтығыстар тудыру үшін пайдалану жобасының сәтсіздікке ұшырауымен байланыстырды.
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани: "Сирия мен Иракқа қауіпсіздіктің оралуы – сионистік режим үшін қауіпсіздіктің «алтын кезеңінің» аяқталуы мен Палестина тақырыбының ислам әлемінің басты мәселесіне айналуын білдіретін қатер қоңырауы. Бүгін ислам әлеміндегі қарсыласу топтары мен қоғамдық пікір басқа кезеңнен көбірек АҚШ-пен келіссөз жүргізіп, сионистік режимнің қалауларының алдында артқа шегіну арқылы бұл режимнің билікқұмарлығы мен шапқыншылығының алдын алуға болмайтын шындықты түсінді",- деді.
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің соңғы отырысындағы АҚШ-тың оқшаулануын бұл мемлекет үшін бұрын-соңды болмаған әрі кемсітуші жайт деп атап: "АҚШ-тың ХАМАС-ты басып алынған жерлердегі қақтығыстардың себепкері деп таныстырып, оны айыптау үшін ұсынған қарары тіпті Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің бір де бір "оң" дауысына ие бола алмады",- деп қуаттады.