Маусым 07, 2018 17:17 Asia/Almaty
  • Иран үкіметі халықты Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге жаппай қатысуға шақырды

ИИР үкіметі ел халқын, әртүрлі ұлт өкілдерін, саяси және әлеуметтік топтар мен тұлғаларды Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге жаппай қатысуға шақырды.

Иран үкіметі сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, Иран халқын Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге жаппай қатысу арқылы үстемшілдікпен күрес тарихында тағы бір алтын парақ қалдырып, әлем халықтарына жапа шеккендерді қолдайтын халықтың ұлттық бірлігі мен біртұтастығын көрсетуге шақырды.

Осы мәлімдемеде: "Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні сионистік режимнің АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарының жан-жақты қолдауының арқасында арандатушы әрекеттер жасап, бұрынғыдан да дөрекі түрде әлем мұсылмандарының арманын қорлап, "Некбат" күні Газа халқын қырып, адамзатқа қарсы тағы бір қылмыс жасаған жағдайда өтейін деп отыр",-деп жазылған.

Иран үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, хазірет имам Хомейнидің Палестинаның мазлұм халқын қорғау үшін жасаған өшпес естелігі саналатын Дүниежүзілік Құдс күнінің ағашы Ислам революциясы жетекшісінің жолнұсқаулары мен Иранның революцияшыл халқының тілеулестігі аясында шарықтай өскені соншалықты, бүгінде  әлем мұсылмандарының үстемшілдер мен бала өлтіргіш сионистік режимнің зұлымдықтарына қарсы  бірлік пен біртұтастықтың символына айналды. 

 

 

Тегтер