Маусым 07, 2018 18:15 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Дүниежүзілік Құдс күніне орай мәлімдеме жасады

Иран СІМ мәлімдемесінде биылғы Дүниежүзілік Құдс күнінің маңыздылығына тоқталып, барша мұсылман халықтары мен әлемнің азаттық сүюшілерін, әсіресе Иран халқын осы күнгі шеруге қатысу арқылы Палестинаның мазлұм халқын қолдауға шақырды.

Иран СІМ-нің сәрсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде: "Рамазан айының соңғы жұмасына белгіленген Дүниежүзілік Құдс күні – имам Хомейниден қалған өшпес естелік. Белгіленгеніне 40 жыл болған бұл күн сионистік режимнің басқыншылығы, кемсітушілігі, жаппай қыруы, іріткі салуы мен әлемде дағдарыс тудыруымен күресуге берілген біріктіргіш мұрсатқа айналды.

70 жыл бойы басқыншылық жасап, соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасап, халықаралық заңдарды сан рет бұзып, палестиналықтарды босытып, әйелдер мен балаларды өлтіріп, көршілес елдердің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғып, лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп келген сионистік режимнің саясаты және жобаларымен күресу үшін мұсылман елдер мен халықтардың бірлестігі мен қолдауы қажет екені күмәнсіз.

Сионистік режим соңғы айларда 70 жылдық басқыншылықты жалғастырып, басып алынған Палестина жерінде қылмыс жасаудан қаймықпай отыр. АҚШ үкіметі өз елшілігін қасиетті Құдсқа көшіру қастандығын орындау арқылы осы қылмыстарды қолдайтынын көрсетті",-деп қуатталды.   

 

 

Тегтер