Маусым 08, 2018 20:36 Asia/Almaty
  • Иран халқы Құдс күнгі шерулерде Палестинаның мазлұм халқымен ынтымақтастықтарын жариялады

Исламдық Иран халқы Дүниежүзіліқ Құдс күнгі шерулерге жаппай қатысып, Құдс Шәріп пен Палестинаның мазлұм халқын қолдайтындықтарын тағы көрсетіп, сионистер мен әлемдік үстемшілдікпен күрестегі палестиналықтармен ынтымақтастықтарын жариялады.

Иран халқы қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы күні Дүниежүзілік Құдс күнімен бір мезгілде Әлемдік Құдс күнгі шерулерге жаппай қатысып, "Дүниежүзілік Құдс күні, қарсыласу майданының жеңісі, америкалық-сионистік бүліктің жеңіліс табуы және Палестина халқының оралу ғиззаты" деп ұрандатып, өткен жылдардағыдай "АҚШ-қа өлім!", "Израильге өлім!", "Сауд әулеті режимі мен аймақтағы сатқындарға, әсіресе тәкфиршіл жалдамалылар мен ДАИШ-ке өлім!" деп, Палестина мен Құдсты азат етуді жалғастыру жолында ұрандар айтты.

Шеруге қатысушылар сондай-ақ қолдарына плакаттар алып, сионистік режимнің басқыншылық әрекеттерін айыптап, Құдсты азат ету арманын орындауға тағы уәде берді.

ИИР-ның министрлері кабинеті мен әскери басшылары да Иранның ұлы халқымен бірге Палестинаның мазлұм халқын қолдау мақсатында ұрандатып, Құдсты басып алған режимнің адамзат баласына қарсы жасаған қылмыстарын айыптады.

Әлемнің әртүрлі елдерінің халықтары да Палестинаның мазлұм халқына қолдау көрсету мақсатында Дүниежүзілік Құдс күнгі шерулерге қатысты.

 

 

Тегтер