Лариджани: Палестина халқының қарсыласуы мен қырағылығы сионистердің алаңдаушылығына себеп болды
Дүниежүзілік Құдс күнгі шерудің баяндамашысы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: "Бүгінде Палестина халқының қарсыласуы мен қырағылығы сионистік режимді алаңдатып, олар қауіпсіздіктің шайқалғанын түсінді",- деді.
Әли Лариджани сионистік режимнің қазіргі өзгерістері нәтижесінің Қарсыласу майданы қуатының артуы мен мұсылмандардың қырағылығы болғанын айтып: "Бүгінде сионистердің алаңдаушылығы артып, Иран халқының Дүниежүзілік Құдс күнгі шерулерге жаппай қатысуы ирандықтардың Палестинаның мазлұм халқын қолдайтынын көрсетіп отыр",- деп баса айтты.
Иран Мәжілісінің төрағасы АҚШ пен сионистердің Иранға қысым көрсетудегі мақсатын әлемдегі қоғамдық пікірдің назарын Палестина мәселесінен бұрмалау деп атап: "Палестиналықтардың "Оралу құқығы" атты соңғы шеруі кезінде 200-ге жуық адам шәһид болып, мыңдаған адамның жаралануына қарамастан, сионистік режимді есеңгіретіп тастады» деді.
Лариджани АҚШ, сионистік режим мен Сауд Арабиясынан құрылған сұрқия үштіктің Иранға қысым көрсетіп, оған қоқан-лоққы жасауы жайлы ескерту жасап: "Израиль режимі мен Сауд Арабиясы аймақтағы бейберекеттіктің қайнар көзі саналады. Олардың Иранды шеттетуге талпыныс жасауымен алдымен өздерінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді",- деді.