Маусым 09, 2018 14:16 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "ИИР зымырандық қуатын қорғап, қалағанынша зымыран жасап, оның ұшу қашықтығын арттырады",- деді.

Аятолла Ахмад Хатами Дүниежүзілік Құдс күнімен тұспа-тұс келген осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында сионистік режимнің жойылатындығына үміт білдіріп: "АҚШ пен сионистік режим – Ислам мен Құдайдың ортақ дұшпандары. Дұшпандардың қастандық әрекеті мен жоспары Палестина мәселесін ұмыттыру немесе мұны араб мәселесі деп бағалау саналады. Бірақ, бүгінде сионистік режимнің бақытсыздыққа ұшырағаны соншалықты, бұл режимнің премьер-министрі Еуропада қаңғырып жүр.

Дүниежүзілік Құдс күнгі шерулер тек сионистік режимге ғана қарсы емес, сондай-ақ АҚШ, аймақтың кертпартпа оппортунистері мен АҚШ, сионистік режим мен Сауд Арабиясының мұсылмандарға қарсы сұрқия үштігін құрған адамдарға қарсы болды",- деді.

Теһран жұма намазының имамы велаяте фақиһ мәселесінің негізі, сионистік режимге қарсы өшпенділік пен зымырандық қуатты Ирандағы бірліктің үш тірегі деп атап: "Зымырандық қуат, аймақтық ықпал мен ядролық саладағы белсенділік әскери мақсатта пайдаланылмайтын Иран қуатының үш негізгі элементі болып табылады. Себебі, ислам тағылымдары бойынша, ядролық саладағы белсенділікті әскери мақсатта пайдалануға тыйым салынған",- деді.

 

 

Тегтер