Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды
Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесінде Құдс Шәріпті азат ету мен Палестинаның мазлұм әрі қорғансыз халқын сионист басқыншылардың үстемдігінен босату және Иран ислам революциясының асқақ армандарының қатарына жататын «Израиль» атты қатерлі ісікті жоюға талпыныс жасау баса айтылды.
Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге қатысушылар АҚШ президентінің елінің елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіріп, Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау түріндегі заңсыз әрекетін айыптап: "Бейт ул-Мұқаддасты азат ету мен Палестинаның қаналған мұсылман халқына қолдау көрсету Ислам әлемінің бірінші мәселесі болған. Осы мәселенің басымдығына нұқсан келтіріп, ислам үмбетінің санасын өзгертуге бағытталған кез келген әрекет айыпталады",- деп мәлімдеді.
Шеруге қатысушылар "Ғасыр мәмілесі" деп аталатын қастандық әрекетті айыптап: "Палестина мәселесінің жалғыз шешім жолы палестиналық босқындардың өз жеріне қайта оралуы, еркін түрдегі жаппай референдум өткізу мен Палестинаның "Теңізден өзенге дейін" стратегиясын жүзеге асыру болған. Жалған сионистік режимнің басқыншылығы мен қылмыстарының жалғасуына бағытталған кез келген алмастырушы шешім жолы Палестина халқының бұлтартпас құқықтарын бұзудың факторы саналады",- деп қуаттады.