Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: Теһран Америкамен ешқандай келіссөз өткізбейді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Американың Иранның ежелгі, өркениетті халқымен қоқан-лоққы және санкция тілімен емес, құрмет тілімен сөйлесуі керектігін, Америкамен ешбір салада ешбір келіссөз өткізу үшін ешқандай перспективаның жоспарланбағанын айтты.
Баһрам Ғасеми жұма күні Америка президентінің Иранға бұрын-соңды болмаған санкция салатыны туралы, сөйте тұра Иранмен жан-жақты келісім жасауға үміт білдіргеніне реакция білдіріп: «Ирандықтар тарих бойында қоқан-лоққы мен зорлық-зомбылықтың алдында ешқашан дана ойы, ісі мен қатынасын өзгерткен жоқ, өзгертпейді де. «Ортақ қадам» – уәде бұзушылық, халықаралық заңдар мен келісімдерді бұзудың үлгісі. Бұл Американың басқа уәде бұзушылықтары мен аяқтан шалушылықтары және біржақтылықтарын одан бетер тарихи масқарашылықтарға ұластырды» деді.