Сардар Деһқан: АҚШ-тың Иранға қарсы қысымы әрдайым кері нәтиже берді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37818-Сардар_Деһқан_АҚШ_тың_Иранға_қарсы_қысымы_әрдайым_кері_нәтиже_берді
Иран Қарулы күштері бас қолбасшының қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі кеңесшісі АҚШ-тың Иранға қарсы қысымының әрдайым кері нәтиже бергенін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2018 14:25 Asia/Almaty
  • Сардар Деһқан: АҚШ-тың Иранға қарсы қысымы әрдайым кері нәтиже берді

Иран Қарулы күштері бас қолбасшының қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі кеңесшісі АҚШ-тың Иранға қарсы қысымының әрдайым кері нәтиже бергенін қуаттады.

Бригада генералы Хосейн Деһқан ILNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Вашингтон саясатының Иранның аймақтағы қатынастарына әсер еткені туралы сөздеріне қатысты: "Вашингтонның қысымдары мен әрекеттерінің Иранның аймақтағы қатынасына әсер еткені туралы Трамптың уәжі қате. Бұл ИИР жүйесін дұрыс танымау салдарынан туындап отыр",-деді.  

Иран Қарулы күштері бас қолбасшының қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі кеңесшісі АҚШ-тың қалауымен саясаттарын реттейтіндей Теһранның Вашингтонмен ешқандай қатынасының жоқтығын айтып: "Иранда Ислам революциясы жеңіске жетіп, ислам республикасы жүйесі орнағаннан бері америкалықтар Иранға әрдайым қысым жасап келеді, алайда бұл қысымдар өздеріне кері әсер етіп, талпыныстары тиісті нәтиже бермеді",-деп баса айтты.

Иранның бұрынғы Қорғаныс министрі Батыстың Иранмен зымырандық келіссөздер жүргізу үшін жасап жатқан қысымдарына тоқталып: "Иран қарсы тараппен келіссөз өткізетіндей зымырандық қабілет тақырыбы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан кезде де күн тәртібіне қойылмаған және ешқашан қойылмайды да",-деді.