Лариджани: Иранда инвестицияның қауіпсіздігін сақтау керек
(last modified Tue, 26 Jun 2018 17:19:36 GMT )
Маусым 26, 2018 23:19 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иранда инвестицияның қауіпсіздігін сақтау керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы дұшпандардың Ираннан инвестицияны қашыру үшін психикалық әрекеттер жасап жатқанына тоқталып, ИИР-да инвестицияның қауіпсіздігін сақтау қажеттігін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Иран Сот билігінің елдегі инвесторларға қолдау көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажеттігін айтып,  ережелерді инвестиция салу жылдам атқарылатындай етіп реттеу қажеттігін қуаттады.

Лариджани, сондай-ақ, АҚШ-тың Иран жүйесі мен халқына қарсы қастандықтарына, соның ішінде Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: "АҚШ-тың стратегиясы Иран халқын экономика тұрғысынан қыспаққа алу болып отыр. Алайда бұл қастандық та сәтсіздікке ұшырайды",-деді. 

 

Тегтер