Аймақтағы лаңкестік пен тынышсыздық – АҚШ-тың қате саясаттарының салдары
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының Иранның аймақтағы рөлі жайлы айтқан сөздеріне реакциясында тұрақсыздық пен тынышсыздықты, лаңкестіктің етек жаюы мен аймақтағы басқа да дағдарыстарды АҚШ-тың қате саясаттарының салдары деп атады.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өзінің негізсіз әрі бос уәждерінде Иранды Парсы шығанағындағы қауіпсіздіктің бұзылуына жауапты деп атады.
Бахрам Ғасеми жұма күні: "АҚШ Мемлекеттік хатшысының жалған сөздері мен өздерінің күнәларын әшкере түрде басқаға таңу әрекеті мыңдаған шақырым қашықтықтан Азияның батыс аймағының ішкі істеріне араласып жатқан бұл елдің бүлдіргі әрі тұрақсыздық тудырушы сипаттағы рөлін жасыра алмайды. АҚШ әлем мен аймақ халықтарының алдында өзінің бүлдіргі, қате әрі қиратушы саясаттары үшін жауап беруі тиіс.
АҚШ түрлі сылтаулармен, атап айтқанда Ираннан үркіту саясаты арқылы дағдарыстарды арттырып, қиратушы қаруларды сатып, аймақ елдерінің ресурстарын әртүрлі жолдармен талан-таражға салып жатыр",- деп мәлімдеді.