Иран АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам контрабандасы туралы уәждеріне жауап қайтарды
АҚШ Мемлекеттік департаменті адам контрабандасы туралы жылдық есебінде Иранға қарсы негізсіз айыптарын қайталады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні бұл уәждерге реакция білдіріп: "АҚШ үкіметі бұл әрекеттер арқылы әлемдік қоғамдық пікірді өзінің әлем деңгейінде, әсіресе Батыс Азия мен Африка аймақтарында жүргізіп отырған араласу және тұрақсыздық тудыру саясаттарынан бұрмалағасы келеді",- деді.
АҚШ-тың 2018-ші жылғы адам контрабандасы тақырыбына қатысты жылдық есебінде Вашингтон Иранды Солтүстік Корея, Сомали, Оңтүстік Судан, Йемен мен басқа бірнеше елдің қатарына қосып, бұл елдерде адам контрабандасымен күресу деңгейінің өте төмендігі туралы мәлімдеді. Есептің бөлімдерінің бірінде: "Иран үкіметі адам контрабандасы мәселесін шешуде тіпті ең төмен стандарттарды да сақтамайды, бұл іске тиісті көңіл бөлмейді. Сондықтан, Иран әлемнің үшінші елдерінің деңгейінде қалды",- деп жазылды.
АҚШ-тың Иранға қарсы негізсіз айыптары ИИР исламдық тағылымдар бойынша, адамның абыройы мен адамгершілікті қолдауды ерекше маңызды деп санаған жағдайда айтылды.
ИИР – адам контрабандасымен күресуді заң ретінде бекіткен елдердің бірі. ИИР Конституциясы 156-ші негізінде қылмыстың алдын алуды қуаттап, бұл мәселені маңызды санайтынын көрсетті. Иран адам контрабнадасымен күресу туралы заң бекітуімен адамзатқа қарсы бұл құбылыспен күрес саласында шынайы қадам басты. Бұл салада Иран босқындарды, әсіресе Ауғанстан азаматтарын қолдауы және олардың құқықтарын құрметтегені үшін сан рет еуропалық тәуелсіз органдар мен БҰҰ-ның алғысына ие болды.
БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссариатының өкілі Сиванка Данапала: "ИИР діни тағылымдар негізіне сүйенген бейбітшілік пен гуманитарлық көмек көрсетуді талап етіп, әрқашан босқындарға халықаралық келісімдерден артық қызмет көрсетті",- деді.
Адам контрабандасы халықаралық деңгейде байқалатын өкінішті құбылыстардың бірі. Сондықтан онымен күресу қажет. Мәліметтер бойынша шамамен 3 миллионға жуық адам контрабандасы байқалған жайттың жартысы АҚШ пен Еуропада орын алады.
Адам контрабандасымен күресу міндетіне ие ұлттық зерттеу орталығы бұл тақырыпты растайды. Алайда АҚШ-тың есептерінің мақсаттары – мемлекеттерге қарсы жанжал тудырып, Иранды өзінің теріс үгіт-насихаттарының нысанасына алу.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми айтқандай "біржақты әрекеттер, соның ішінде адам контрабандасы мен тәуелсіз елдерге қарсы теріс мәліметтер жинау халықаралық заңдарға қайшы".
Адам контрабандасының негізін көбінесе АҚШ пен оның одақтастары араласатын біржақты саясаттарда, соғыстар мен нәсілшілдік пен лаңкестікте деп санау керек.