Сардар Шариф: Бүгінде АҚШ-тың әскери жағдайы өте нашар
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38234-Сардар_Шариф_Бүгінде_АҚШ_тың_әскери_жағдайы_өте_нашар
Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат өкілі: "Қазіргі кезде АҚШ-тың әскери жағдайы өте нашар. Бұл теріске шығаруға келмейтін шындық",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 12, 2018 20:31 Asia/Almaty
  • Сардар Шариф: Бүгінде АҚШ-тың әскери жағдайы өте нашар

Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат өкілі: "Қазіргі кезде АҚШ-тың әскери жағдайы өте нашар. Бұл теріске шығаруға келмейтін шындық",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, бригада генералы сардар Рамазан Шариф сәрсенбі күні Иранның батысындағы Шаһре Корд қаласында өткен конференцияда АҚШ-тың әскери қуатының бұрынғыдай еместігіне тоқталып: "АҚШ-тың ең тәжірибелі теңіз десанттары тұтқындалған сәтте, ирандық әскерилердің алдында тізе бүгіп, Иранның теңіз кеңістігін бұзғаны үшін кешірім сұрайды",-деді.

Сардар Шариф бүгінгі таңдағы дұшпанның Исламдық Иранға қарсы соғысын экономикалық соғыс деп атап: "ИИР дұшпанның психологиялық соғысынан зиян шегуден әлдеқайда қуатты",- деді.