Иран Армиясы қоқан-лоққыларға қарсы тұруға дайын
ИИР Армиясы Ислам революциясының жеңіске жетуінің басынан әрқашан Иранның шекаралары мен қауіпсіздігін қорғап, дұшпанмен қарсыласу салаларына белсенді қатысты. Қазіргі таңда Иран Армиясы бұрынғыдан күшті әрі мол тәжірибесімен елдің құрлық, әуе және теңіз шекараларынан байқалатын барлық қоқан-лоққыларға қатаң жауап қайтаруға дайын.
ИИР Армиясының істерін үйлестіру басшысының орынбасары адмирал Хабиолла Сайари сейсенбі күні Теһрандағы Армия офицерлері жоғары оқу орындары курсанттарының 16-шы жаттығуларын байқау аясында Иран Армиясының толық дайын екендігін қуаттап: "Иран Армиясы дайындығын күннен күнге арттыруда",- деді.
Қасиетті қорғаныс соғысынан кейінгі жылдарда Армия мен Сақшылар корпусының күштері жаңа технологияларды пайдаланып, өздерінің қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, жаттығулар өткізіп, қоқан-лоққыларға қарсы қорғаныстық және стратегиялық дайындығын күшейтті.
Аймақтың қазіргі жағдайы Иранға қарсы қоқан-лоққылардың өткен жылдармен салыстырғанда көп артқанын көрсетеді. АҚШ алдын ала жоспарланған әрекеттерімен аймққа тікелей шабуыл жасап, аймақтың араб үкіметтеріне миллиардтаған долларларға қару сатуымен бірге тікелей араласу саясатын жүргізіп, аймақтағы гибридтық соғыстарды қолдауда. Сол себепті Иранның әртүрлі салаларда әскери дайындыққа ие болуы жауап қайтару үшін қажеттілік саналады.
Иран Армиясы мен Сақшылар корпусының күштері құрлық, теңіз және әуе-ғарыш салаларында жаңа қорғаныс технологияларына ие.
Ресейдің Таяу Шығыс зерттеу орталығының басшысы Максим Шевченко: "Иран Таяу Шығыс аймағында ең күшті армияға ие. Бұл елдің қарулы күштері әртүрлі дамыған қарулар шығарып, оларды әскери жаттығуларында пайдаланады",- деді. Ол ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның Иракпен сегіз жылдық соғысында маңызды әскери тәжірибеге ие болғаны мен Сақшылар корпусының осыдан алты жыл бұрын америкалық ұшқышсыз ұшағын қағып түсіргеніне сілтеме жасап: "Дамыған Q170 ұшағын қолға түсіру Иранның әсіресе сайберлік және электрондық соғыстар саласында әскери-қорғаныс мүмкіндіктерінің жоғарылығының белгісі",- деді.
Бұл күш-қуат еш уақытта шабуыл жасау немесе басқалардың жерлерін басып алу үшін қолданылған жоқ. Иранның қарулы күштері Иранның шекаралары мен қауіпсіздігімен бірге аймақтың қауіпсіздігі туралы да ойлайды.
Иранның қарулы күштері кез келген әрекетке жауап беруге дайын болу үшін Иран мен аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзінің күн тәртібіне қойды.