Шіл 25, 2018 21:35 Asia/Almaty
  • Иран халқының табандылығы мен бірлігі – америкалық басшылардың ақылсыз сөздеріне берілген мықты жауап

ИИР-ның президенті Американың кейбір басшыларының орынсыз, негізсіз қоқан-лоққыларының жауап беруге тұрмайтынын қуаттап, Иран халқының Америка басшыларының қоқан-лоққылары мен жобалары алдындағы табандылығы мен бірлігін ақылсыз сөздерге берілген ең мықты жауап деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Үкімет мүшелерінің отырысында Иранның Американың әрекеттеріне қарсы БҰҰ-на қарасты Халықаралық Сотқа шағым түсіргеніне тоқталып: «Әлем елдерінің көпшілігі Американың әрекеттерін бұрыс санап, айыптап, өкініш білдіруде» деді.

Халықаралық Сот сейсенбі күні кешке Американың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға Иранның Американың үстінен түсірген шағымын қарастыратын уақытын хабарлаумен қатар Вашингтон үкіметіне Иранға қарсы біржақты санкцияларды қайтаратын жаңа әрекеттен тартынуға қатысты ескерту жасады.

 

 

 

Тегтер