Иранмен соғыс бастау – Американың барлық мүмкіндіктерінің жойылуы деген мағынаны білдіреді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38419-Иранмен_соғыс_бастау_Американың_барлық_мүмкіндіктерінің_жойылуы_деген_мағынаны_білдіреді
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ғасем Солеймани Америка президентінің Иранға жуырда жасаған қоқан-лоққыларына сілтеме жасап: «Иранмен соғыс бастау Американың барлық мүмкіндіктерінің жойылуы деген мағынаны білдіреді» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 26, 2018 16:41 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ғасем Солеймани Америка президентінің Иранға жуырда жасаған қоқан-лоққыларына сілтеме жасап: «Иранмен соғыс бастау Американың барлық мүмкіндіктерінің жойылуы деген мағынаны білдіреді» деді.

Генерал-майор Ғасем Солеймани бейсенбі күні Иранның батысындағы Хамадан қаласында өткен рәсімде Твиттердегі Америка президентінің жуырдағы Иранға қарсы қоқан-лоққы жасағанына реакция білдіріп: «Казинолар мен каберенің лексикасымен сөйлейтін Трампқа жауап беру Иран президентінің деңгейіне лайық емес» деді.

Генерал-майор Солеймани Американың сионистік режимді Ливан Хезболласымен 33 күндік соғысында қолдуы мен Йемен соғысын Арабстан және БАӘ-мен бірге 2 триллион доллар қаржымен қамтамасыз етіп бастауына тоқталып: «Америка өзінің әрекеттерімен  Қызыл Теңізді бейберекеттікке ұшыратып, жылдар бойы қауіпсіз ел болған Арабстанды бүгін оттың астына түсірген жағдайда Иранға қоқан-лоққы жасап отыр» деді.  

Солеймани Америка президентіне: «Сақшылар корпусының Құдс күштері жалғыз өзі сізбен қарсылады. ИИР Қарулы күштерінің араласуының қажеті жоқ. Біз сіз ойламаған жерде құзырға ие боламыз. Себебі, ирандықтар шәһадат талап ететін халық. Бұл халық қиын жағдайлардан өткен» деп қуаттады.