Иран Әскері Құрлық күштерінің әуе флоты — Батыс Азиядағы ең мықты күш
ИИР Әскері Құрлық күштерінің әуе флотының қолбасшысы бұл күштерді Батыс Азиядағы ең қуатты тікұшақ флоты деп атады.
Бригада генералы Юсуф Ғорбани ИИР Әскері Құрлық күштеріне қарасты әуе флотындағы барлық тікұшақтардың қайратты жастардың қолына ұсынылу үшін дайындалып жатқанын баяндап, Иран Әскері Құрлық күштері әуе флотының кез келген әскери амалды орындауға толық дайын екенін мәлімдеді.
Бригада генералы Ғорбани сондай-ақ, ИИР-ның көптеген қарсыластарының қатысуымен Калифорнияда отырыстың өткені мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның сол отырыста Иранға қарсы сөз сөйлегеніне сілтеме жасап: "ИИР-ның қарсыластары, соның ішінде бүгінге дейін қолынан түк келмеген "Мұнафеқин" лаңкестік тобы әлде де ешнәрсе жасай алмайды",- деді.