Там 01, 2018 15:19 Asia/Almaty
  • Иран Сирияда осы ел үкіметінің өтінішімен құзырға ие

Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі Джабери Ансари Иранның Сирияда осы елдің заңды үкіметінің өтінішімен құзырға ие болып отырғанын, Иранның Сириядағы құзырының жалғасуын екі ел үкіметтері арасындағы келісімдермен байланыстырды.

Хосейн Джабери Ансари сейсенбі күні ресейлік TASS ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ресейдің Сочи қаласында өткен Сирия бейбітшілігі жөніндегі халықаралық отырыс Сириядағы бейбітшілік жағдайды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады",-деді.

Ол сондай-ақ, Сочиде Сирияның ұлттық келіссөздер Конгресі бекіткен Сирияның конституциялық комитетінің жұмысқа кірісуі мен сириялық босқындардың еліне қайта оралуын жеңілдету жолдарын қарастыруды, Сирия дағдарысы кезіндегі тұтқындар мен іс-түссіз жоғалып кеткендермен алмасу жөніндегі комитеттің жаңа отырысын өткізуді Сирия бейбішілігі жөніндегі сұхбаттасулардың осы кезеңіндегі негізгі тақырыптар деп атады.

Сочиде өткен Сирия бейбітшілігі жөніндегі 10-шы халықаралық конференцияның қорытынды мәлімдемесіне сәйкес Женевада тағы бір отырыс өткізілетін болды.

 

 

Тегтер