ДАИШ-ты құру – бүгінгі әлемдегі адам құқықтарын бұзудың ең үлкен мысалы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38546-ДАИШ_ты_құру_бүгінгі_әлемдегі_адам_құқықтарын_бұзудың_ең_үлкен_мысалы
Иран Сот билігінің басшысы Амоли Лариджани АҚШ пен басқа Батыс елдерінің әлемнің жер-жерінде ұстанып отырған жолы мен тәсілін адам құқықтарын бұзудың нағыз өзі деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 05, 2018 21:18 Asia/Almaty
  • ДАИШ-ты құру – бүгінгі әлемдегі адам құқықтарын бұзудың ең үлкен мысалы

Иран Сот билігінің басшысы Амоли Лариджани АҚШ пен басқа Батыс елдерінің әлемнің жер-жерінде ұстанып отырған жолы мен тәсілін адам құқықтарын бұзудың нағыз өзі деп атады.

Аятолла Садық Амоли Лариджани жексенбі күні Теһранда өткен "Исламдағы адам құқықтары" күніне арналған арнайы рәсімде сөйлеген сөзінде: "Америкалық басшылар өз елінің ДАИШ-ты құруда рөл атқарғанын бірнеше рет мойындады. Себебі, олар ДАИШ-ты құру арқылы Ислам бейнесін рақымсыз көрсетуді көздеді",- деді.

Иран Сот билігінің төрағасы АҚШ-тың ДАИШ-қа қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанына сілтеме жасап: "Иран Ирак пен Сириядағы бауырларының көмегімен ДАИШ деген қатерлі ісіктің көзін жойды",- деп мәлімдеді.

Амоли Лариджани бүгінгі әлемдегі, атап айтқанда Йемен, Бахрейн және Палестинадағы адам құқықтары жағдайын сынға алып: "Адам құқықтарын қорғау туралы уәж айтатындардың Сауд Арабиясының Йемендегі соғыс қылмыстары мен йемендік науқастар, балалар мен әйелдерді өлтіру әрекеттеріне қатысты ауыздарына құм құйылып, үндері өшіп отыр",- деді.