Рухани: Сенімсіз Америка ешбір міндеттемесіне берік емес
ИИР-ның президенті Американың «Ортақ қадам» келісімінен біржақты түрде шыққанына тоқталып, Вашингон үкіметінің осы жылдардағы іс-әрекетінің Американың бүгінде ешбір міндеттемесіне берік емес сенімсіз ел ретінде танылуына себеп болғанын мәлімдеді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Солтүстік Кореяның Сыртқы Істер Министрі Ри Йонг Хомен Теһранда кездесуде Корей түбегі аймағында бейбітшілік пен толық қауіпсіздіктің орнатылуын Иранның талабы деп атап, Корей түбегіндегі өзгерістердің Теһран үшін маңызды екенін қуаттады. Ри Йонг Хо Американың «Ортақ қадам» келісімінен шығуы мен Иранға қарсы санкцияларды қайтару үшін жасап жатқан талпыныстарын бұрыс, халықаралық ережелерге қайшы әрекет деп атап, Иран президентіне Солтүстік Кореяның Америкамен Сингапурдегі келіссөздері мен Корей түбегіндегі өзгерістер туралы мәлімет ұсынып, Теһран-Сеул байланыстарын маңызды деп бағалады.