Зариф: Америкалықтар аймақтың шындықтарын түсінуі керек
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38725-Зариф_Америкалықтар_аймақтың_шындықтарын_түсінуі_керек
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының жиналысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында: "Америкалықтар барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы өздерінің әлемде оқшау қалғандарының есесін қайтаруға талпынып жатыр. Олар мұның жолын Иран халқына қысым жасау деп біліп, психикалық соғыс құралын пайдалану арқылы Иранмен текетіреске ден қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 21, 2018 10:11 Asia/Almaty
  • Зариф: Америкалықтар аймақтың шындықтарын түсінуі керек

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының жиналысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында: "Америкалықтар барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы өздерінің әлемде оқшау қалғандарының есесін қайтаруға талпынып жатыр. Олар мұның жолын Иран халқына қысым жасау деп біліп, психикалық соғыс құралын пайдалану арқылы Иранмен текетіреске ден қойды.

АҚШ-тың біржақты негізде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы Вашингтонның одан ары оқшаулана түсуіне  себеп болды. Бүгінде сионистік режим мен АҚШ-қа бағынышты кейбір елдерден басқа ешкім бұл елдің Иранға қарсы саясаттарына жақтаспайды",-деді.

Зариф, сондай-ақ, еуропалық тараптармен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздердің жалғасып жатқанына тоқталып: "Еуропалықтардың өздерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін шығын шығарғаннан басқа амалдары жоқ. Шешім қабылдауға уақыт аз қалды. Олар бұрынғыдай тоса алмайды",-деді.