Иран Мәжілісінің Төрағасы Ресейге сапар шегеді
Қыр 05, 2018 22:09 Asia/Almaty
ран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сәрсенбі күні Иран мен Ресейдің парламенттік ортақ комиссиясының отырысына қатысу үшін Ресейге сапар шегеді.
Иран спикерінің сапары ресейлік әріптесінің шақыруымен орын алады. Ресей парламенттік ортақ комиссияның отырысын өткізіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастықтарын арттыруды сұрады. Иран мен Ресей – аймақтағы екі үлкен серіктес елдер. Олар әрқашан аймақ пен әлемге қатысты саясаттарын үйлестіруде. Иран Мәжілісінің Төрағасы сондай-ақ, Беларуське сапар шегіп, сол елдің басшыларымен де сұхбаттасады.