Қыр 07, 2018 15:04 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі кеңесшісі Ресей, Түркия мен Иранның Сирия мәселесі туралы үшінші үшжақты отырысының қорытынды мәлімдемесінің бекітілгенін хабарлады.

Иран, Ресей және Түркия басшыларының Сирия мәселесі жөніндегі үшжақты отырысы бүгін қыркүйектің жетісі күні Теһранда өтіп жатыр.

Садық Хосейн Джабери Ансари бейсенбі күні кешке Иранның екінші арнасының "Арнайы сұхбат" бағарламасына берген сұхбатында: "Теһран отырысы Сирия территориясының басым бөлігі лаңкестерден азат етіліп, лаңкестер тек Идлиб облысында ғана қалып, АҚШ үкіметінің отырысқа қатысушы үш елді де нысанаға алып, оларға санкция жариялаған жағдайда өткізіліп жатыр",- деп мәлімдеді.

 

 

 

Тегтер