Ирандық зерттеушілер тікұшақтың екі түрін жобалады
ИИР Президенті әкімшілігінің ғылым және технология департаментінің авиацияны дамыту штабының хатшысы ирандық зерттеушілер тарапынан тікұшақтың екі түрінің жобаланғанын хабарлады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті әкімшілігінің ғылым және технология департаментінің авиацияны дамыту штабының хатшысы Манучехр Мантеқи сенбі күні Иранда тікұшақтың екі түрінің жобаланғанын хабарлап: "8 адамдық бұл ұшақтар бірнеше көрмеде көрсетілді. Оларға шетелдік жақсы сатып алушылар табылды",-деді.
Мантеқи ирандық тікұшақтардың халықаралық сертификат алу кезеңінен өткенін айтып: "Әлемде тікұшақ жасауға қабілетті 20 шақты ел бар. Иран осындай қабілетке ие елдердің қатарына қосылды",-деді.
ИИР Президенті әкімшілігінің ғылым және технология департаментінің авиацияны дамыту штабы хатшысының айтуынша, іргелі ғылымға негізделген компаниялар авиация саласында жақсы дамыған. Бүгінде авиация саласында 180 компания жұмыс істейді.