Бүгін «Тасуа» күні исламдық Иран аза тұтуда
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39081-Бүгін_Тасуа_күні_исламдық_Иран_аза_тұтуда
Исламдық Иранның барлық қалалары мен ауылдары имам Хосейннің (ғ.с.) «Тасуа» күні қара жамылып, аза тұтуда.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 19, 2018 13:34 Asia/Almaty
  • Бүгін «Тасуа» күні исламдық Иран аза тұтуда

Исламдық Иранның барлық қалалары мен ауылдары имам Хосейннің (ғ.с.) «Тасуа» күні қара жамылып, аза тұтуда.

Бүгін, сәрсенбі, хиджри қамари бойынша 1440-шы жылдың мохаррам айының тоғызы (2018-ші жылдың қыркүйек айының он тоғызы) – имам Хосейннің (ғ.с.) «Тасуа» күні.

«Тасуа» күні имам Хосейн (ғ.с.) мен хазірет отбасының миллиондаған ғашықтары исламдық Иранның түкпір-түкпірінде аза рәсімдерін өткізіп, имамның бауыры хазірет Абу әл-Фазл Аббасты еске алады.

Әлем шиіттерінің төртінші имамы – имам Саджад (ғ.с.) хазірет Абу әл-Фазл Аббас туралы: "Аббас көкем шынайы жанкештілік танытып, бауыры үшін жанын қиюға әзір болды. Дұшпан алдымен оның қолын шауып тастады",- деген болатын.

ИИР Телерадио бірлестігі барша мұсылмандар мен әлемнің басқа да азаттық талап етушілеріне «Тасуа» мен «Ашура» күндеріне байланысты көңіл айтады.