Ахваздағы қылмысты ДАИШ пен әл-Ахвазие лаңкестік тобы жүзеге асырған
Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласындағы лаңкестік шабуыл орын алғаннан бір күннен соң шабуылға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды.
Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың қамқорлығындағы ДАИШ лаңкестік тобы жексенбі күні бір бейнефайл жариялап, бұл топтың үш мүшесінің Ахваздағы лаңкестік шабуылға атсалысқанын мәлімдеді.
Мұның алдында "әл-Ахвазие" лаңкестік тобы Иран қарулы күштерінің әскери шеруіне қатысуға келген Ахваз тұрғындарына жасалған шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алған болатын.
ДАИШ тобы жариялаған бейнефайл Ахваздағы лаңкестік шабуылды ДАИШ және "әл-Ахвазие" топтарының бірлесіп жүзеге асырғанын және екі лаңкестік қозғалыстың да Сауд Арабиясына тәуелділігін көрсетіп отыр.
Иранның Барлау министрі Сейіт Махмуд Алави жексенбі күні: "Иранның қауіпсіздік күштері қылмыскерлерді іздестіруден бастап, тұтқындау және соттағанға дейін тыным таппайды. Ахваздағы адамзат баласына қарсы лаңкестік шабуылды ұйымдастырушыларға жойқын жауап беріледі",- деді.