Шираздың мұнай өңдеу зауытында 300 тонналық реактор орнатылды
Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының орталығы Шираздың мұндай өңдеу зауытында 300 тонналық реактор орнатылып, іске қосылды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Шираз мұнай өңдеу зауытының атқарушы директоры Абдурахим Шамсуддин: «300 тонналық реактор мұнай өнімдері, авиациялық отын, керосин, битум, сондай-ақ басқа өнімдерді өндіру үшін қолданылады. Шираз мұнай өңдеу зауыты реакторының ауыстырылуымен мұнай-газ өнімдері, мотор бензинінің сапасы артып, стратегиялық өнімдерді шығару үшін мүмкіндік туады»,- деді.
Шираз мұнай өңдеу зауытының атқарушы директоры реакторды ирандық мамандардың жасағанына тоқталып: «Италияда жасалған зауыттың бұрынғы реакторы жарылып, жасаған мемлекет оны жөндемеді. Соның салдарынан жарылыс қатері бүкіл аймаққа қауіп төндірді. «Аһваз реактор өндіру» компаниясы Шираздың мұнай-химия өнімдері зауыты үшін реактор жасап, оны теңіз бен құрлық арқылы тасымалдау міндетін өз мойнына алды. Бұл реакторлар бұрын Италия мен Қытайда жасалынып, әкелінетін. Енді жергілікті мамандардың талпынысымен Иран реактор шығарушылардың қатарына қосылды»,- деді.