Велаяти: АҚШ пен сионистік режим ислам елдерін талан-таражға салуды көздейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39208-Велаяти_АҚШ_пен_сионистік_режим_ислам_елдерін_талан_таражға_салуды_көздейді
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "АҚШ пен сионистік режим ислам елдерін бөлшектеп, олардың байлықтарын талан-таражға салуды көздеп отыр",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 30, 2018 14:36 Asia/Almaty
  • Велаяти: АҚШ пен сионистік режим ислам елдерін талан-таражға салуды көздейді

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "АҚШ пен сионистік режим ислам елдерін бөлшектеп, олардың байлықтарын талан-таражға салуды көздеп отыр",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Әлиакбар Велаяти Теһранда Сирияның мемлекеттік қызметкерлері, ақпарат белсенділері, қазылары мен ұстаздарынан тұратын делегациямен кездесуде: "Сирия халқының әлемдік үстемшілдер мен сионистерге төтеп беріп жатқанына 7 жылдан аса уақыт өтті. Қарсыласу қозғалысы ақиқаттың Сирия халқы жағында екенін көрсетті",-деді.

Велаяти америкалықтардың қарсыласу қозғалысының аймақтағы шараларына ашулы екенін айтып: "ИИР Сирия үкіметінің өтінішімен бұл елге барды. Ал аймақ елдерінің рұқсатынсыз Таяу Шығыста жүрген АҚШ бұл өңірден кетуі керек",-деді.