Қаз 02, 2018 22:22 Asia/Almaty
  • Иранның Абу-Камаль аймағына зымырандық шабуылы лаңкестікпен күрес мақсатында жасалды

Сирия СІМ Ислам революциясы Сақшылар корпусының жуырда Абу-Камаль аймағына жасаған зымырандық шабуылын лаңкестікпен күрес мақсатын көздегенін айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия СІМ Валид әл-Муаллим сейсенбі күні Иран мен Сирияның ынтымақтастықтарын толығымен заңды және Дамасктің ұлттық егемендігі шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын баяндап, Идлиб, Алеппоның төңірегі, Манбидж және Евфрат өзенінің шығыс бөлігін азат етуді Сириядағы соғыстың соңғы кезеңі деп атады.

Иран халқынан 25 адамның шәһид болып, 69 адамның жаралануына себеп болған қыркүйектің жиырма екісі күні Ахвазда орын алған лаңкестік қылмыстың жалғасында Ислам революциясы Сақшылар корпусы дүйсенбі күні таңертең бірнеше "құрлық-құрлық" баллистикалық зымыран және бірнеше ұшқышсыз ұшақ арқылы Иранның батысынан лаңкестер басшыларының Сирияның Евфрат өзенінің шығысында орналасқан базасын нысанаға алған.

Сирия СІМ сондай-ақ, сионистік режим қырғи ұшақтарының жуырда Латакияға жасаған басқыншылығын Сириядағы дағдарысты созып, қарсыласу күштерінің жеңістерімен күресуге мүмкіндік тудыру үшін жасалды деп мәлімдеді.

Сириялық ақпарат құралдары қыркүйектің он сегізі дүйсенбі күні Израильдің қырғи ұшақтарының Сирияның солтүстік-батысындағы Латакия қаласына зымырандық шабуыл жасағанын хабарлады.

 

 

Тегтер