Ирандық мамандар ұшақтың моторын жасау техникасына қол жеткізді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39282-Ирандық_мамандар_ұшақтың_моторын_жасау_техникасына_қол_жеткізді
ИИР Президенті аппаратының ғылым мен технологиялар департаментінің авиация және аэронавигацияны дамыту штабының хатшысы ирандық мамандардың ұшақтың моторын жасау техникасына қол жеткізгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 06, 2018 17:46 Asia/Almaty
  • Ирандық мамандар ұшақтың моторын жасау техникасына қол жеткізді

ИИР Президенті аппаратының ғылым мен технологиялар департаментінің авиация және аэронавигацияны дамыту штабының хатшысы ирандық мамандардың ұшақтың моторын жасау техникасына қол жеткізгенін хабарлады.

Манучехр Мантеқи Иранның ұшақ бөлшектерін жасаудағы жетістіктері жайлы айтқан сөзінде: "Ұшақ халықаралық өнім болғанымен мотор жасау саласында жергілікті техникалық білімді қолдану керек. Иран бұл білімге қол жеткізді.

Ұшақ сатып алу мен авиация және аэронавигация саласына қатысты технологияларға ие болу – қатар атқарылуы тиіс істер. Бұл – ұшақ жасайтын барлық елдердің жүріп өткен жолы",-деді.

ИИР Президенті аппаратының ғылым мен технологиялар департаментінің авиация және аэронавигацияны дамыту штабының хатшысы осыдан бұрын Иранның әртүрлі ұшақтарды жөндеу және сақтауда өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін хабарлаған болатын.