Иран Лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары жексенбі күні Иранның лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылуына келісім берді.
ИИР-ның лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылу туралы заң жобасы ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобына (FATF) қатысты төрт заң жобасының бірі саналады.
Аталмыш заң жобасын Сақшылар кеңесі бекіткен жағдайда ИИР үкіметіне 1999 жылы 9 желтоқсанда БҰҰ Бас ассемблеясы бекіткен лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны кіріспесі және 28 бап пен бір қосымшаны белгілі бір шарттармен қабылдауға рұқсат беріледі.
Халықаралық конвенцияларда мемлекеттер шарт қою және қорғану құқығына ие бола алады. Осы мәселе лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі конвенцияға (CFT) қатысты заң жобасына қатысты.
Шарттардың кейбіреуіне сәйкес, ИИР халықаралық принциптер мен ережелер шеңберінде лаңкестік әрекетті халықтың заңды күрес әрекеттеріне жатқызбайды.
Сонымен қатар, конвенция ережелері ИИР-ның Конституциясына қайшы болған жағдайда оларды жүзеге асыру қажет емес.
ИИР үкіметі сондай-ақ, оның құрамына енбеген, конвенцияға қосымша тіркелген конвенциялар мен протоколдарда бекітілген ережелерді конвенцияның бір бөлігі ретінде қарастырмайды.
Банк саласы бойынша сарапшы Камран Надри Иран Мәжілісінің бұл әрекетін депутаттардың экономикадағы ашықтық қағидасына көңіл бөлетінін көрсететін оң шара деп бағалап: "Бұл конвенцияны қабылдамау елімізге күмән келтіріп, «Иран лаңкестікті қаржыландырумен күреске қарсы» деген қауесет тудыруы мүмкін әрі бұл өз-өзімізді санкцияға ұшырату саналмақ. Себебі, ашықтық принципі – барлық мемлекеттер қабылдаған қағида. Сондықтан, бұл елдерге Иранның осы конвенцияға қосылуы қаржылай байланыстарды жеңілдету үшін аса маңызды болып отыр",- деді.
Сонымен қатар, Иран СІМ Зариф: "Лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі конвенцияға қосылу арқылы қиындықтарымыздың шешілетіндігіне кепілдік бере алмаймыз. Алайда, конвенцияға қосылмаған жағдайда АҚШ-тың біздің қиындықтарымызды арттыруға маңызды сылтау таба алатындығына кепілдік бере аламыз",- деп мәлімдеді.
Кейбір халықаралық келісімдер мен конвенцияларға қосылмау салдарынан кейбір елдерге айып тағылады. Сондықтан конвенцияларды қабылдау жан-жақты әрі толық хабардарлық пен таным арқылы іске асуы тиіс.
Революция жетекшісі Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі депутаттарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде осындай халықаралық конвенциялар және келісімдерге қатысты қырағылық таныту қажеттігін баса айтып: "Бұл келісімдер ең алдымен алпауыт державалардың мүдделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында олардың сараптау орталықтарында әзірленіп, содан кейін бағыттас немесе бағынышты үкіметтердің қосылуы арқылы "халықаралық" сипатқа ие болады. Иран секілді тәуелсіз ел оларды қабылдамайтын болса, "150 мемлекет қабылдаған нәрсені сендер неге қабылдамайсыңдар" деп, шабуыл жасайды",- деді.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы немесе FATF – жеті өнеркәсіптік елдің (G7) бастамасымен 1989 жылы қаржылай айқындылық және ақшаны жылыстатумен күрес мақсатында құрылған институт. Бірақ, АҚШ және зорлықшыл алпауыт мемлекеттер өз мақсаттарына жету үшін сырттай халықаралық сипатқа ие кейбір келісімдерді теріс пайданып отыр. Сол себепті бұл заң жобасы сыншылардың пайымдауынша, бұл міндеттемелерді жеткілікті танып-білместен оларға қосылу алып державалардың билік құралына айналып, олардың ықпалының артуына себеп болып, еліміздің ұлттық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін.