Иранның нанотехнология өнімдері 40 елге экспортталады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39317-Иранның_нанотехнология_өнімдері_40_елге_экспортталады
Иранның нанотехнологияны дамытуға арналған штабының хатшысы Саид Саркар наноөнімдердің 40 елге экспортталатынын хабарлап:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 08, 2018 17:11 Asia/Almaty
  • Иранның нанотехнология өнімдері 40 елге экспортталады

Иранның нанотехнологияны дамытуға арналған штабының хатшысы Саид Саркар наноөнімдердің 40 елге экспортталатынын хабарлап:

"Иран Қытай, Түркия мен Индонезияда технологиялық өнімдер мен қызметтерді таныстыру үшін нанотехнология  кеңселерін ашып, тұрақты көрмелер өткізуде. Жақында Ирак пен Үндістанда да осындай кеңселер ашылады»,-деді. Саркар Оманның өз нано қаласын Иранның іргелі ғылымға негізделген компанияларымен әріптесе отырып салуды жоспарлап отырғанын айтып: «Омандағы нано қала Иранның нанотехнологиялық компаниялары филиалдарының Араб және Африка елдеріне өз өнімдерін ұсынуына қолайлы негіз болады»,-деді. Иран нанотехнологияның дамуы бойынша әлемде бесінші орында тұр.