Иран – химиялық қарулардың ең үлкен құрбаны
Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі Иран халқын химиялық қарулар, тыйым салынған қарулар және әртүрлі миналар мен бомбалар қолданылған қиянатшыл соғыстардың ең үлкен құрбаны болғанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал Амир Хатами дүйсенбі күні таңертең Теһранда IV Азия-Тынық мұхитының әскери медицина конгресінің жабылу рәсімінде сөз сөйлеп: "Қасиетті қорғаныс жылдары Ирактың дарға асылған диктаторы Саддамның режимі Иранды 570 рет химиялық қарумен бомбалады. Алайда халықаралық ұйымдар осындай әрекеттерді айыптау үшін тіпті жиналыс та өткізбеді",-деді.
Генерал Хатами АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларына тоқталып: "АҚШ экономикалық терроризмді пайдалану арқылы халықтардың дәрі-дәрмектер мен маңызды қажеттіліктеріне қол жеткізу үдерісіне кедергі келтіріп отыр",-деді.
IV Азия-Тынық мұхитының әскери медицина конгресі (ICMM) 12-15 қазанда Теһранда өтті. Бүгіннен бастап Иран 2 жыл бойы Азия-Тынық мұхиты жұмыс тобының халықаралық әскери медицина комитетіне төрағалық етеді.