Теһранда есірткі заттармен күрес тақырыбында форум басталды
Қаз 16, 2018 07:25 Asia/Almaty
Теһранда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің есірткі заттармен күрес саласындағы халықаралық форумы басталды.
Иранның Тәртіп сақтау күштері қолбасшысының орынбасары әрі есірткі заттармен күрес полициясы басқармасының басшысы форумның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ауғанстанда есірткі заттар өндірісінің 87 пайызға артып, бұрын‑соңды болмаған рекорд көрсетіп, апиынның 10 мың тоннаға жетуін адамзат қоғамын алаңдатып отырған өте маңызды тақырып деп атады.
Екі күндік форумға 8 елдің өкілдері қатысуда.
Тегтер