Қаз 23, 2018 18:56 Asia/Almaty
  • Иран ядролық технология саласындағы білімімен басқа елдермен бөлісуге әзір

Иранның Атом ұйымының басшысы өз елінің ядролық технология саласындағы білімімен Парсы шығанағы аймағындағы көршілес елдермен бөлісуге әзірлігін мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиакбар Салехи дүйсенбі күні Исфахандағы UCF нысанындағы ядролық жобаларды дамыту үдерісін қадағалауы аясында Иранның ядролық саладағы жетістіктеріне тоқталып: «Иран ядролық технологияны өндіріп, әлемдегі осы технологияны өндіретін бес елдің қатарына қосылды»,- деді. Салехи тұрақты изотоп өндіру технологиясына ие болу мен Арак реакторын жаңартуды Иранның ядролық технологиясының маңызды жетістіктері деп атап: «Ислам революциясы жетекшісінің уран байытуды  190 000 көлеміне жеткізу үшін қажет жұмыстарды жылдамдату  бұйрығынан кейін бұл салада жақсы жетістіктерге жеттік»,- деді.

 

 

Тегтер