Израильде 90 ядролық оқтұмсық бар
(last modified Thu, 20 Jun 2024 10:39:52 GMT )
Маусым 20, 2024 16:39 Asia/Almaty
  • Израильде 90 ядролық оқтұмсық бар

Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияның (ICAN) болжауынша, Израильде кемінде 90 ядролық оқтұмсық бар.

Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампания (International Campaign to Abolish Nuclear Weapons) осы статистиканы жариялау арқылы: "Израиль ядролық бюджетін көбейтіп жатыр",-деп ескертті.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ICAN: "Израильдің ядролық бюджеті жыл сайын 2,4 пайызға, сәйкесінше 1,1 млрд долларға артады",-деп еске салды.  

Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияның саясаты мен зерттеулерін үйлестіруші Алисия Сандерс-Закре (Alicia Sanders-Zakre) ядролық қаруларды жою туралы: "Болжамымыз бойынша, Израильде 90 ядролық оқтұмсық бар. Бірақ Израильдің ядролық оқтұмсықтарының нақты санын білу өте қиын. Өйткені Израильде ашықтық жоқ",-деді.

Ол сондай-ақ  сионистік режимнің Газада ядролық қаруды қолдану жөніндегі соңғы қоқан-лоққыларына алаңдаушылық білдірді.

Алисия Сандерс-Закре сондай-ақ: "Өткен жылы АҚШ өзінің ядролық арсеналын жаңғыртуға 51,5 миллиард доллар жұмсады. Яғни басқа ядролық державалардың бәрін қосқандағы бюджеттен көп",-деп мәлімдеді.

Тегтер