Иранда өткен 9 айда шикі болат өндірісі 20 пайызға өсті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39619-Иранда_өткен_9_айда_шикі_болат_өндірісі_20_пайызға_өсті
Иранның Тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді дамыту және қайта жөндеу ұйымы Дүниежүзілік болат ұйымының статистикалық мәліметіне сүйеніп, өткен 9 айда Иранда шикі болат өндірісінің 20 пайызға өскенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 27, 2018 18:23 Asia/Almaty
  • Иранда өткен 9 айда шикі болат өндірісі 20 пайызға өсті

Иранның Тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді дамыту және қайта жөндеу ұйымы Дүниежүзілік болат ұйымының статистикалық мәліметіне сүйеніп, өткен 9 айда Иранда шикі болат өндірісінің 20 пайызға өскенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді дамыту және қайта жөндеу ұйымы өз есебінде: "2018 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін Иранда 18 млн 52 мың тонна болат өндірілді. Бұл 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 20 пайыздық өсімді көрсетеді",-деп хабарлады.  

Осы есепке сәйкес, Иранның шикі болат өндірісінің көлемі 2018 жылдың қыркүйек айында 2017 жылдың осы айымен салыстырғанда 4 пайыздан артық өскен.

Болат – елдің даму көрсеткіштерінің бірі. Тау-кен саласындағы әлемдік сауданың 2000 млрд  долларының 43 пайызы болатқа тиесілі.