Иранда өткен 9 айда шикі болат өндірісі 20 пайызға өсті
Иранның Тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді дамыту және қайта жөндеу ұйымы Дүниежүзілік болат ұйымының статистикалық мәліметіне сүйеніп, өткен 9 айда Иранда шикі болат өндірісінің 20 пайызға өскенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді дамыту және қайта жөндеу ұйымы өз есебінде: "2018 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін Иранда 18 млн 52 мың тонна болат өндірілді. Бұл 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 20 пайыздық өсімді көрсетеді",-деп хабарлады.
Осы есепке сәйкес, Иранның шикі болат өндірісінің көлемі 2018 жылдың қыркүйек айында 2017 жылдың осы айымен салыстырғанда 4 пайыздан артық өскен.
Болат – елдің даму көрсеткіштерінің бірі. Тау-кен саласындағы әлемдік сауданың 2000 млрд долларының 43 пайызы болатқа тиесілі.