Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі ұсынылған министрлерге сенім дауыстарын берді
(last modified Sun, 28 Oct 2018 11:09:24 GMT )
Қаз 28, 2018 17:09 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері сенбі күні ел Президенті Хасан Руханидің "Өнеркәсіп, кен және сауда", "Қаржы және экономика", "Кооператив, еңбек және әл-ауқат" және "Жол және қала құрылысы" министрліктерін басқаруға ұсынған министрлеріне сенім дауыстарын берді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Реза Рахмани 203 оң, 49 теріс және 13 қалыс дауыспен Өнеркәсіп, кен және сауда министрі, Фархад Дежпасанд 200 оң, 50 теріс және 15 қалыс дауыспен Қаржы және экономика министрі, Мұхаммад Шариятмадари 196 оң, 63 теріс және 5 қалыс дауыспен Кооператив, еңбек және әл-ауқат министрі, Мұхаммад Ислами 151 оң, 98 теріс және 8 қалыс дауыспен Жол және қала құрылысы министрі лауазымдарына сайланды.

 

Тегтер