Ғасеми: АҚШ Иран халқына қарсы психологиялық соғыс жүргізуді көздеуде
(last modified Thu, 01 Nov 2018 03:59:13 GMT )
Қар 01, 2018 09:59 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ Иран халқына қарсы психологиялық соғыс жүргізуді көздеуде

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ басшыларының экономикалық лаңкестік пен заңсыз санкциялар салу арқылы Иран халқына психологиялық соғыс жүргізуді көздеп отырғанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Баһрам Ғасеми АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иран экономикасының дамуының аймақтағы лаңкестермен күресуіне байланысты төмендеуі туралы жалған уәждеріне реакция білдіріп: "Бұл уәждер – жалған. Олар тез әшкереленеді. АҚШ басшыларының Иранға қарсы жобаларын сәтсіздікке ұшыратқан аймақтағы лаңкестікпен күресі және Иранның шекараларындағы бейбітшілік пен тұрақтылық және қауіпсіздікті қорғауы – жаңа саясат емес. Иран экономикасы өткен жылдары әрқашан 8 пайыздан артық  мөлшерге артты",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер