Иран бүйрек трансплантациясы бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарында
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрінің зерттеу және технология жөніндегі орынбасары елдің бүйрек трансплантациясы бойынша аймақта бірінші орында, ал әлемде 10 елдің қатарында екенін айтты.
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрінің зерттеу және технология жөніндегі орынбасары Реза Малекзаде IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Бүйрек трансплантациясы Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысында, Теһранның имам Хомейни атындағы ауруханасы мен басқа бес облыстың орталығында жасалады. Фарс облысы бүйрек трансплантациясының басты орталығы саналады",-деді.
Малекзаде Ирандағы бүйрек трансплантациясының шамамен 85 пайызының инсульттан қаза тапқан адамдардың осы дене мүшесін алу арқылы жасалатынына тоқталып: "Ширазда тірі бүйректі трансплантациялау да жүзеге асырылады. Мұндай емдеу тәсілінде әке немесе аға өздерінің жарты бүйрегін науқас адамға сыйлай алады. Бүйрек берген адамның бұл дене мүшесі біраз уақыттан кейін өз қалпына келеді",-деді.
Әлемде бүйрек трансплантациясы 1964 жылдан басталған. Бірақ, тек 1980 жылдан кейін бұл ота емдеу тәсілі ретінде расталды.