Дания Иранға қарсы уәжді сионистік режимнің арандатуымен айтты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39760-Дания_Иранға_қарсы_уәжді_сионистік_режимнің_арандатуымен_айтты
Иранның Барлау министрі Дания үкіметінің Иранды айыптауын қастандық деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 05, 2018 11:26 Asia/Almaty
  • Дания Иранға қарсы уәжді сионистік режимнің арандатуымен айтты

Иранның Барлау министрі Дания үкіметінің Иранды айыптауын қастандық деп атады.

Иранның Барлау министрі Махмұд Алави жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Данияның уәжін Иран мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуге бағытталған сионистік режимнің қастандығы деп атады

Соынмен қатар, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми де жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде: "Жуырда Ахвазда болған лаңкестік шабуыл мен Дания, Швеция, Норвегия мен Нидерландыға наразылық білдірудің жалғасында және сионистік режимнің қастандығымен Франция мен Данияда Иранға қарсы таңылған айыптарға байланысты Теһрандағы Швеция, Норвегия елшілері мен Данияның сенімді өкіліне Иранның ресми наразылығы жарияланды",- деді.

Дания үкіметі өткен сейсенбі күні кейбір Еуропа елдерінің Иранға қарсы қастандықтарының жалғасында Теһранды "Дания территориясында террор жасауға талпыныс жасап жатыр" деп айыптап, Иранның сол елдегі елшісін шақыртқан болатын.