Иран әлем бойынша битум көлемінің 7 пайызын өндіреді
Иранның Пасаргад мұнай компаниясының даму және зерттеу істері жөніндегі директоры әлемдегі битум көлемінің шамамен 7 пайызының Иранда өндірілетінін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Пасаргад мұнай компаниясының даму және зерттеу істері жөніндегі директоры Мұхаммад Раһи жексенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Ясудж қаласында өткен битум мен асфальт өндірісі бойынша бірінші ұлттық конференциясында сөйлеген сөзінде: "Әлемдегі битум өндірісінің көлемі жылына 115 миллионнан астам тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіштің шамамен 6 миллион тоннасы Иранда өндіріледі. Иранда жылына өндірілетін 6 миллион тонна битумның 4 миллион тоннаға жуығы экспортталып, қалғаны елдің ішінде қолданылады",- деді.