Әлемдегі апиынның 75 пайызы Иранда анықталады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39946-Әлемдегі_апиынның_75_пайызы_Иранда_анықталады
Есірткі заттарымен күрес штабының халықаралық қатынастар жөніндегі кеңсесінің басшысы Рахим Саки Иранның жалғыз өзінің әлемдегі апиынның 75 пайыздан астамы мен героин және морфийдің 30 пайызға жуық көлемін анықтағанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 17, 2018 14:53 Asia/Almaty
  • Әлемдегі апиынның 75 пайызы Иранда анықталады

Есірткі заттарымен күрес штабының халықаралық қатынастар жөніндегі кеңсесінің басшысы Рахим Саки Иранның жалғыз өзінің әлемдегі апиынның 75 пайыздан астамы мен героин және морфийдің 30 пайызға жуық көлемін анықтағанын мәлімдеді.

Рахим Саки сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның нашақорлықпен күрес, есірткі сұранысын төмендету, нашақорлыққа тәуелділіктен емдеу және әлеуметтік шара қолдану саласында жалғыз өзі көш бастап келе жатқанын, Батыс елдерінің бұл салада ынтымақтастық жасауға аса қызығушылық танытпай, есірткі заттары салдарынан туындайтын қылмыстарды заңдастырып, оны қылмыс емес деп көрсету қатынасын ұстанып отырғанын айтты.