Иранда хирургиялық шприц өндіру арқылы 4,5 миллион евро үнемделді
Қар 20, 2018 19:29 Asia/Almaty
Иранның Ғылыми-техникалық университетінің зерттеушілер тобы Иранда бірінші рет жүрек отасына арналған шприц жасап шығарып, жылына 4,5 миллион евро үнемдеді.
Бұл шприц ангиопластикалық ота жасау кезінде қысымды қалыпқа келтіру мақсатында денеге егілетін сұйықтық инъекциясы үшін пайдаланылады. Бұл өнім Иранға ҚХР, Франция және т.б. елдерден экспортталатын. Алайда Иранның Ғылыми-техникалық университеті зерттеушілер тобының еңбегінің арқасында Иранда бірінші рет бұл сапалы өнім шығарылды.
Шприц ирандық жас ғалымдар мен ғылыми-зерттеу стартап-компаниялардың басқа да ондаған жаңа бастамаларымен қатар Иранның Ғылыми-техникалық университетінің Sadaf Job фестивалінде таныстырылған болатын.
Тегтер