Халықаралық балалар күніне байланысты Иранда күрестен кубок өтеді
Қар 20, 2018 19:38 Asia/Almaty
Теһранда еркін және грек-рим күресі түрлері бойынша халықаралық балалар күніне арналған 21-ші халықаралық турнир өтеді.
Еркін және грек-рим күрес түрлері бойынша халықаралық балалар күніне арналған 21-ші халықаралық турнир Теһрандағы Азади спорт кешеніндегі күрес сарайында қарашаның 21-22 күндері өтеді.
Бұл жарыс Әзірбайжан, Грузия, Армения елдері және Иранның 3 еркін және 3 грек-рим күрес командасының қатысуымен өтеді.
Оңтүстік Африка елінің олимпиадалық дәрежедегі төрешісі Чарлз Виллет Дүниежүзілік күрес одағының өкілі ретінде жарысты бақылайтын болады.
Тегтер