Халықаралық балалар күніне байланысты Иранда күрестен кубок өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40006-Халықаралық_балалар_күніне_байланысты_Иранда_күрестен_кубок_өтеді
Теһранда еркін және грек-рим күресі түрлері бойынша халықаралық балалар күніне арналған 21-ші халықаралық турнир өтеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 20, 2018 19:38 Asia/Almaty
  • Халықаралық балалар күніне байланысты Иранда күрестен кубок өтеді

Теһранда еркін және грек-рим күресі түрлері бойынша халықаралық балалар күніне арналған 21-ші халықаралық турнир өтеді.

Еркін және грек-рим күрес түрлері бойынша халықаралық балалар күніне арналған 21-ші халықаралық турнир Теһрандағы Азади спорт кешеніндегі күрес сарайында қарашаның 21-22 күндері өтеді.

Бұл жарыс Әзірбайжан, Грузия, Армения елдері және Иранның 3 еркін және 3 грек-рим күрес командасының қатысуымен өтеді.

Оңтүстік Африка елінің олимпиадалық дәрежедегі төрешісі Чарлз Виллет Дүниежүзілік күрес одағының өкілі ретінде жарысты бақылайтын болады.