Революция жетекшісі қауіпсіздік күштері шәһидтерінің отбасыларымен кездесті
Ислам революциясының жетекшісі қауіпсіздік күштері шәһидтерінің бір топ отбасыларымен кездесуінде оларды халыққа қызмет етуге шақырды.
Революция жетекшісінің ақпарат тарату торабының хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи Иран қауіпсіздік күштерінің алты шәһидінің отбасыларымен кездесуінде оларға әрдайым жайдары болуға, шәһидтердің ел мен жүйе және исламға қызмет еткені секілді олардың да халыққа қызмет етуіне кеңес берді.
Ислам революциясының жетекшісі қауіпсіздік күштері шәһидтерінің қызмет еткен кезеңдердегі қиындықтарға сілтеме жасап: "Бұл шәһидтердің қызмет еткен жер – қызметтің ең ауыр аймақтарының бірі, елдің батысы. Сіздердің шәһидтеріңіз көзі тірісінде шынымен нағыз шәһидтер секілді әрекет етті",- деп баса айтты.